«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби бағыт -бағдар жұмысы

06.05.2020

Көкшетау қаласы білім бөлімінің «IT мектеп-лицейі» КММ

оқушылармен жүргізілген кәсіби бағыт-бағдар жұмысы бойынша

мәлімет

2019 – 2020 оқу жылы

 

 

        Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы негізінде IT мектеп-лицейінде ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық іс-шаралар орын алуда. Мектеп-лицейішілік ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру жұмыстары түрлі формада жүргізілді. Оқушыларды кәсіптік бейімдеу мақсатында мектеп-лицейінде  IT бағытына байланысты қосымша сағаттар жүргізілуде. Бастауыш сыныптарында робототехника, 3 Д модельдеу, интеллектум, менталды арифметика, ал орта және жоғарғы буын сыныптарында бағдарламалау, STEM физика, STEM химия, гидропоника, авиақұрылыс және т.б. Шығармашылыққа баулу мақсатында вокал, домбыра сынды түрлі үйірме жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы оқу жылында 9 сыныптарда 77 оқушы, 11 сыныптарда 55 оқушы білім алуда. Педагог-ұйымдастырушылар сынып сағаттарында да оқушылармен профориентациялық жұмыстар жүргізеді. Кәсіптік бағдар беру мақсатында Алматы қаласы Халықаралық Бизнес Университеті (University of International Business) және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті мекемелерінен білім беру мамандары лицей түлектерімен кездесіп, болашақ студенттерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар А.Мырзахметов атындағы университетінің кафедра профессоры Абельдинов Ерлан Исламбекович және гуманитарлық педагогика факультетінің студенті Карипова Лаура мамандықтар бойынша ақпарат берді. Сондай – ақ Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті студенттерімен де кездесу жұмыстары өткізілді. Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті және т.б. орта-арнаулы, жоғарғы  білім беру мекемелерінен іс-тәжірибе жинақтауға келетін келетін студенттермен де сынып сағаттарында әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.  

          Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар  олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмысорнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында

оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

 Кәсіптік бағдар беру тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушылар, педагог-психологпен бірлесе жоспар бойынша түрлі жұмыстар атқарылуда.  

Просмотров: 593


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Бізді табу оңай!

Текст