Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицей жанындағы
«ІТ-landia» мектепалды лагерінің 1,2 ауысым жұмысы бойынша
ЕСЕБІ
Мақсаты:
«ІТ-landia» мектепалды лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отансүйгіштік. патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп - лицей жанындағы «ІТ-landia» мектепалды лагерінің 1 ауысымында 10қызметкер және 2 ауысымда 9 жұмыс атқарды. Жұмыс күні сағат 09:00-13:30 аралығын құрады. Балалардың жазғы демалысын қызықты да тартымды ұйымдастыру мақсатында 5 үйірме жұмыс жасады. Олар: робототехника/ SТЕМ, музыка/ырғақ, спорттық үйірме, қолөнер және «EASY ENGLISH». Лагерьге 1 ауысымда 7 жастан 10 жасқа дейінгі 175 бала, 2 ауысымда 40 бала қатысты. Лагерь тәрбиеленушілері әртүрлі жастағы топтар принципі бойынша бірінші ауысымда төрт топқа, екінші ауысымда екі топқабөлінді, бұл топтардың конкурстық іс-шараларға қатысуы үшін тең жағдайларды (жас теңдігі) қамтамасыз етті, тәрбиеленушілердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасады және жанжалды жағдайлардың алғышарттарын жоюға мүмкіндік берді. Әр топтың өз бұрышы болды: отрядтың атауы, ұраны, сөйлеуі, әні, заңдары, тізімдік құрамы. Балалардың күнделікті демалуы үшін ойын бөлмелері жабдықталды. Шынығу, дене және рухани саулықты нығайту мақсатында лагерьге спорт залы мен «Ұлттық ойындар» зонасы берілді. Акт залы шығармашылық бағытты, балалардың жеке ерекшеліктерін жүзеге асыруға, бос уақытты ұйымдастырудың әртүрлі формалары мен әдістері арқылы баланы ұжымдық іс-әрекетте әлеуметтендіруге арналған.
Лагерьдің міндеттерін толық көлемде жүзеге асыру үшін экскурсиялар, серуендер, жарыстар, байқаулар, викториналар, әңгімелер сияқты формалар қолданылды.
Мектепалды лагерінде өткізілетін әрбір іс-шара лагерьдің бағдарламасына сай жан-жақты тәрбиелік сипатта, тәрбиелік тұжырымдаманың барлық аспектілері мен бағыттарын қамтитындай етіп жасалған.
«ІТ-landia» мектепалды лагерінің ашылу салтанаты 2 маусым күні өтті. Ашылу салтанаты қызықты да көңілді өтті. Станциялар бойынша түрлі жарыстар, ойындар ұйымдастырылды. Балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Лагерь бағдарламасына сай балалар «Болашақ сарайының» бассейніне барып, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал жасадық.
Лагерьдің бағдарламасына сай 1-ші ауысымда әр күні «Достар күні», «Біз патриотпыз», «Жеңіске жол», «Кино», «Мамандықтар әлемінде саяхат», «Шебер фотограф», «Нептун», «Жабылу. «ІТ-ландия жұлдызы»» күндері және 2-ші ауысымда «Мобилограф , «Күлдір-бүлдір», «Сән әлемінде» , «Біз шетінен бишіміз», «Шығармашылық самалы», «Аспазшылар», «Кино тайм», «Таза ауа – таза өмір», Жабылу күні. «Екі жұлдыз» күндері айдарымен өтті.
Күнделікті таңғы жаттығулар жасалып, кесте бойынша үйірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік Рәміздер күнін атап өту үшін мектепалды лагерь жетекшілері мен оқушылары «Рәміздерім –мақтанышым» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Әнұранды салтанатты түрде орындаумен басталған іс-шараны аға тәлімгер жүргізіп, ел Рәміздері туралы біраз ақпараттарды айтып, мән-маңызын түсіндіріп берді. Балалар іс-шараға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Дос-ландия» тобының балақайлары тақырыпқа сай тақпақтар жаттап, нақышын келтіріп оқып берді. «Жұлдызды Kids» және «Робо-балақай» тобынан «Атамекен» әнінқұштарлана орындаса, «Next Gen» балалары мен жетекшілері патриоттық «Туған жер» әнін орындап берді. Сонымен қатар әр топ өз таныстырылымдарын жасап көрсетті. Тәлімгерлер флешмоб билетті.Қызықты, көңілді, әрі балалардың патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жақсы көңіл-күймен аяқталды.
Жазғы лагерьде "STEAM - болашақ инженерлер" бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі, педагог- психолог, химия және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі Мынбаева Жанар Тасбулатовнаның авторлық бағдарламасының негізінде жұмыстар ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Осы бағдарлама аясында балаларға STEAM бағыты қатты ұнады. Аса қызығушылықпен қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу үшін «Қазына іздестірушілер» ойыны ұйымдастырылды. Балалар аса қызығушылық танытып, белсенділік танытты. Әр топқа жеке-жеке маршрут парағы берілді, станциялар бекітілді. Ойын соңында әр топ өз «қазынасын» тауып, қуанышқа кенелді.
Жазғы лагерь кезеңі балалар үшін қызықты, белсенді және тәрбиелік мәні зор өтті. Балалар жаңа достар тапты, бойларындағы қабілеттерін дамытты. Лагерьдің күнделікті жоспары жүйелі түрде орындалды. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ.
Қорытынды
Жазғы лагерь бағдарламасы жоспарға сәйкес сәтті өткізілді. Қатысушыларға әртүрлі танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде байқалды. Лагерь барысында балалар ұжыммен жұмыс істеуді, достық қарым-қатынасты нығайтуды, өз мүмкіндіктерін дамыту мен ашуды үйренді.
Лагерь тәрбиелік маңызы бар іс-шаралармен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге және олардың денсаулығын жақсартуға зор үлес қосты. Тәртіп бұзу, жазатайым жағдайлар орын алған жоқ, балалар мен ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылды.
Ұсыныстар
Әр күні өтілген іс-шаралар сілтемесі:
02.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKZnj_isL7s/?igsh=MWo2YmwwbWN3MHFhdQ==
03.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKcDg_oMfx_/?igsh=MXJkc21tOTN2Zmsxbg==
04.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKewC2sN7k4/?igsh=MWNpaDJiaGFmbTdwMA==
https://www.instagram.com/reel/DKewCJvtnEX/?igsh=dXIycTkxYzBweGxv
https://www.instagram.com/reel/DKezP7SteHJ/?igsh=NzVibjRmcHEzdXYz
https://www.instagram.com/reel/DKe0obaNcQU/?igsh=Y2h4M3RiNjJzenE2
https://www.instagram.com/reel/DKe89PGNu9g/?igsh=M2JmeGthcmZlbnY1
05.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKhcN95NeSJ/?igsh=MWFka3BoaW0zamY1cw==
https://www.instagram.com/p/DKhgVCjNBew/?igsh=cHo3bDduaGZwZmxv
https://www.instagram.com/reel/DKoU8iCo97N/?igsh=MWdsMzZscjhxMmF5Mg==
09.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKrkv1KsBES/?igsh=Y2tqbTlvNnoxYnJk
10.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKtws6yMjgm/?igsh=MWwzODBseG55YzR6ZQ==
11.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKwtKt4tlsY/?igsh=b2NzejVhY2dzc2Nt
12.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DKzCNQwM9Vn/?igsh=MXZueXczd3N5MzJobg==
13.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DK1RJA9sskE/?igsh=MWRrdzBlZmZlanA0dQ==
https://www.instagram.com/reel/DK1RUIMs9T7/?igsh=MXduajFxbDNwMWdn
https://www.instagram.com/reel/DK2EyEltvUq/?igsh=YzgwdTRjZW5pNTRk
https://www.instagram.com/reel/DK2E3q6NC07/?igsh=MXhnbW9mZXlraTk2Mg==
16.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DK9fFmAMDnN/?igsh=dHk2ZHd2ejQwYmdq
https://www.instagram.com/p/DK-LNVZsfFq/?igsh=eWFsem5la2J1aWY2
17.06 күні
https://www.instagram.com/p/DLAdOmetj-b/?igsh=MWRjMDVyYzByM2k3eg==
18.06 күні
https://www.instagram.com/p/DLC1hj9Nl32/?igsh=dnVobnpuOGt6dHB0
19.06 күні
https://www.instagram.com/p/DLFBfuNsgUY/?igsh=MXFxNnRiOHM0ZmlhMw==
https://www.instagram.com/reel/DLFC11bsQ3k/?igsh=c2Zwc29kN3Z0dWxn
20.06 күні
https://www.instagram.com/p/DLIUnIittSP/?igsh=MTlqc2x1anRnY2E2dw==
23.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DLPFPxPM_Xj/?igsh=MTYzcm93eXJqMnpjNA==
https://www.instagram.com/reel/DLQG1xZNZk1/?igsh=bzFpcjg2eTAyOXkw
24.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DLR2vcXsWBk/?igsh=M3hudWg3a2hjeGtm
25.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DLUoDK-sPM2/?igsh=Y2N0ODZzOXBxeHl6
https://www.instagram.com/reel/DLUn1dksI37/?igsh=MXdwOXY5MGRrNmNuMA==
26.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DLXMJP7sx4O/?igsh=Mm55em0xMGh3ZnFp
27.06 күні
https://www.instagram.com/reel/DLZqK96M3Yl/?igsh=MWdiMm1zd2sxbnZvZA==
https://www.instagram.com/reel/DLZqjdGMYuj/?igsh=MWt2YjAyMWQxZW9iYg==
Лагерь басшысы: Ибраева Ж.А.