«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Торсық

Торсық

Торсық –Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымызшұбатіркіт құюға арналған ежелгі ыдысы.

Әсіресе, қырғызқазақтүрікменқарақалпақ халықтары пайдаланған.

Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:

  • шимайторсық,
  • өркешторсық,
  • жанторсық,
  • мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.

 

Қазақтар жүздеген жылдар бойына қымызды айрықша ыдыста дайындаған. Көшпелі өмір ыдысты әрі-бері алып жүру үшін ыңғайлылықты талап етеді. Бұлар торсық және саба деп аталынған.

Топсық – 10-30 литрлік сыйымдылықта теріден өңделіп жасалған қапшық. Тері ішінен шелмен тігіледі. Бұл ыдысқа сусын құйылады. Торсықты малдың терісінен жасайды. Оның жан торсық, мүйіз торсық, тағы басқа түрлері көп. Мүйіз торсықты қазақтар киелі заттардың біріне санаған. Өйткені, арқар мүйіз, марал мүйіз, қошқар мүйіз өрнектері баршылықтың, байлықтың нышанын білдіреді. Мүйіз торсықтың тағы бір құпиялы сыры бар. Оның екі жақтағы иілген мүйізінің бұрышына қымыз сақталып қалады. Оны қанша жұсаңда кетпейді, биенің сүтін құйып қойса болды қымызды өзі-ақ ашытып тұрады. Сондықтан оны қымыз ашытатын ыдыс ретінде де пайдаланады. Теріден жасалған ыдыстардың күннің ыстығынада да, суығында да бір қалыпты температурады сусын сақтайтын қасиеті бар. Мұндай ыдыстарға құйылған сусынды алыс сапарға шыққан жолаушылар қоржынға салып немесе қанжығаға байлап алып жүреді.

 

Жаңартылған күні: 17.02.2020 09:32
Құрылған күні: 19.02.2020 14:17

Бізді табу оңай!

Текст