«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Майланғыш ау

Майланғыш ау

Ау (Жылым) – балық немесе аң, құс аулау үшін  кендірденжібек жіптен, тіптен ертеде түйе жүнінен, аттың қылынан тоқылып жасалатын құрылғы, тор. Халық тілінде аудың үлкен түрін жылым деп атау дағдыға айналған.

Ау түрлерін пішіні, құрылымы, көлемі және қолданыстық ерекшелегіне қарай негізінен үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Сүзгі ay - үлкен сулардан балық аулауға құрылатын ортасы сүйретілген, ұзынша етіп тоқылған, тор көзінен үлкен балықтар өтіп кете алмайтындай етіп тоқылған жабдық. Сүзгі төрт бұрышына тағылған арқан арқылы ауға түскен балық сүзіліп алынады. Сүзгі аудың ақап ау, аламан ay, майшабақ ay тәрізді түрлері бар.
  2. Құрма ау - жалпақ тоқылып суға кесе көлденең керілетін ау түрі. Тоқылуы сүзгі ауымен ұқсас. Мұны қыста мұз астында, жазда суға екі жағына екі қада орнатып, астыңғы жағының әр жеріне тас байлап, құрып қояды. Одан өтпек болған балық желбезегінен тор көздеріне кептеліп, оралып қалады. Каспий балықшылары салатын өте үлкен теңіз аудың ұзындығы бірнеше жүз құлаш болады және ұзын бойынан бірнеше жерге ағаш орнатылады. Мұндай үлкен аулар бірнеше бөліктен тұрады: балық шоғырланатын қазан мен аудың әрбір негізгі бөлегінің ортасында көл деп аталатын су алаңы болады. Балықтар аудың ұзына бойын жағалап отырып, аудың көліне, одан кейін қазанына енеді.
  3. Шөміш ау - көлемі шағын, тордың түп жағы қанар тәрізді ұзынша болып келген ау түрі. Тоқылуы сүзгі ау мен құрма ауға ұқсайды. Алдымен ұзын сырыққа ағаштан иіп, сап орнатады да, жасалған саптың басына тоқылған ауды жіппен жіпселейді. Көбінесе түнге қарай құрылатын шөміш аудың түрлері көп: қол қауға, тоспай, қара ау, қабадан ау, бөгеу ау т.б. Ал бөгеу ау құрылған жерінде бір-екі ай турады.

 

Жаңартылған күні: 17.02.2020 09:26
Құрылған күні: 19.02.2020 14:21

Бізді табу оңай!

Текст