әл-Фараби атындағы IT лицей
Қамқоршылық кеңесінің 2020-2021 оқу жылының жылдық сараптамасы Қамқоршылық кеңесі 2020-2021 оқу жылының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы, Көкшетау қаласы білім бөлімінің 19.10.2017 жылғы №396 бұйрығы негізінде IT мектеп-лицейінде 2019 жылы 16 қыркүйек күні қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, құрылды. Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізіліп, төрағасы және мүшелері оқу жылына сайланды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:
№ |
Аты-жөні |
сынып ата-анасы |
Жұмыс орны, қызметі |
1 |
Жанбекова Динара Рашатовна |
1 «Ә» |
нотариус |
2 |
Рахимова Лейла
|
2 «Б» |
Жеке кәсіпкер «Яссауи» директор |
3 |
Омурзакова Алия Олжабаевна
|
3 «В» |
ЖК « Омурзакова А.О. » |
4 |
Жезбаева Жанар Хафизовна
|
4 «Б» |
«МИАВ» ЖШС директоры |
5 |
Искакова Гүлнар Таласбековна
|
5 «А» |
ЖК «Искаков» |
6 |
Бексейтова Ардак Тастанбековна |
6 «Б» |
«ЖШС Теміржолсу-Көкшетау» кадр бөлім бастығы |
7 |
Муханбетжанова Айбала Сағынбаевна |
7 «Б» |
ЖК «Жан» |
8 |
Бақытжанова Айжан Уалиқызы
|
8 «А» |
Үй шаруасында |
9 |
Устемирова Айнагуль Амантаевна
|
9 «А» |
«Мега интеллект» жеке дамыту орталығы оқытушы |
10 |
Серкешева Жаннат Жетписбаевна |
10 «Ә» |
Жеке кәсіпкер
|
11 |
Жанибекова Назгуль Нурташевна |
11 «Ә» |
ТОО «Дони-Трейд» есепші |
Жылдық жоспары бекітіліп, жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің отырыстары өткізілді. Ата –аналар жиналыстарында баяндамалар мен есеп берілді. Отырыста кеңес мүшелері тарапынан мектеп Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мен сапасын бақылауды қолға алуды жоспарлап, мектеп-лицей асханасының жұмысын, тағамдардың сапалығын тексерді. Сонымен қатар мектеп-лицейінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша қазан айында мектеп – лицей ғимаратын тексеруге қамқоршылық
№ Аты-жөні сынып ата-анасы Жұмыс орны, қызметі
1 Жанбекова Динара Рашатовна 1 «Ә» нотариус
2 Рахимова Лейла 2 «Б» Жеке кәсіпкер «Яссауи» директор
3 Омурзакова Алия Олжабаевна 3 «В» ЖК « Омурзакова А.О. »
4 Жезбаева Жанар Хафизовна 4 «Б» «МИАВ» ЖШС директоры
5 Искакова Гүлнар Таласбековна 5 «А» ЖК «Искаков»
6 Бексейтова Ардак Тастанбековна 6 «Б» «ЖШС Теміржолсу-Көкшетау» кадр бөлім бастығы
7 Муханбетжанова Айбала Сағынбаевна 7 «Б» ЖК «Жан»
8 Бақытжанова Айжан Уалиқызы 8 «А» Үй шаруасында
9 Устемирова Айнагуль Амантаевна 9 «А» «Мега интеллект» жеке дамыту орталығы оқытушы
10 Серкешева Жаннат Жетписбаевна 10 «Ә» Жеке кәсіпкер
11 Жанибекова Назгуль Нурташевна 11 «Ә» ТОО «Дони-Трейд» есепші
кеңес мүшелері қатысты. Тексеріс барысында қауіпсіздік ережелері сақталып, эвакуациялық жаттығулар өткізіліп тұратындығы анықталды.
Алғаш ашылған мектеп-лицейінің оқу-тәрбие үдерісінің дамып көркеюіне ағымдағы оқу жылы барысында ата-аналар қауымы өз тараптарынан қолдау көрсете білді. 27 қараша күні қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Сонымен қатар, Жаңа жылдық шырша мерекесіне орай мектеп оқушылары толық тәтті сыйлықпен қамтылды. Қалалық пән олимпиадасына қатысқан оқушылар, облыстық ғылыми жоба жеңімпаздары, спор жүлдегерлеріне қолдау көрсету мақсатында 38 оқушыға тәтті сыйлықтар қорапшалары тарту етілді.
«Әулет» мектептен тыс ұйымының қызметкері Богданов Руслан Наджиповичтің денсаулығына қолдау көмегін көрсету үшін қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Жыл басы Наурыз мерекесінің тәрбиелік мәнін аша түсу мақсатында мектеп-лицейінің барлық ата-аналардың ,мұғалімдердің қодауымен үш киіз үй құрылып, ұлттық тағамдарға тұнған дастархандар,ұлттық спорттық ойндар,алтыбақан ұйымдастырылды. «Жастар жылына» орай өткізілген форумда қамқоршылық кеңесі оқушыларға тәтті сыйлықтар беріп қуантты.
2019 – 2020 оқу жылында мектеп-лицейіміздің қоғамдық өміріне қолдау көрсетіп, белсене қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Құрметті, әл-Фараби атындағы IT лицейінің ата-аналар қауымы!
Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиесіне өз үлестеріңізді қосып, қолдау көрсеткендеріңізге қамқорлық кеңес төрайымы ретінде алғыс білдіремін. Алдымызда әлі де атқарар талай істер күтіп тұр. Сол кезеңдерде белсенділік танытып, демеу болатындарыңызға мен сенімдімін, және ұстаз-оқушы-ата-ана «Үштік одағы» болып жұмыла білсек, шығар шыңдарымыз биікте болары сөзсіз. Біздің күшіміз – бірлікте!