«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүркіт

Бүркіт

Бүркіт Қазақ елінің атадан балаға беріліп келе жатқан ең көне кәсіп түрлерінің бірі. Сан ғасырлар бойы ата баба кәсібіне айналған. Бүркіттің жас ерекшеліктеріне байланысты жеке атау сөздердің ана тілімізде көптеп сақталуы да бүркіттің өзіне ғана тән ерекшеліктерін нақты аңғарта алады. Мысалы, Бүркіт жұмыртқасынан жаңа жарып шыққан балапандарының үлпілдек ақ түсті қауырсындарына сәйкес оны «ақүлпек» деп атаған. Кәнігі құс­бегілер бүркіт жасын көбіне қанаттары мен құйрық қауырсындарының түсінің жыл сайын түлеп өзгеруіне қарап ажы­ратқан. Мысалы, 1 жаста – балапан, 2 жаста – қантүбіт, 3 жаста – тірнек, 4 жас­та – жастүлек (тастүлек), 5 жаста – мұз­балақ, 6 жаста – көктүбіт, 7 жаста – қана (құмтүлек), 8 жаста – жана (қутүлек), 9 жас­­­та – майтүбіт (қоңыртүлек), 10 жас­та – баршын (кәрітүлек), 11 жаста – барқын (ақтүлек), 12 жаста – шөгел (ақырғы түлек немесе кәрі бүркіт), 15 жаста – сұмтүлек, 20 жастан асқан соң «мола» (молаға ықтағыш деген ұғым) деп атаған.
           Бүркіт (орысша «беркут», латынша – Aquila chrysaetos L.1758) – құстардың сұңқар тектестер (кейде күндізгі жыртқыш құстар деп те атайды) отрядының қаршығалар тұқымдасының қырандар туысына жататын дене тұрқы ірі жыртқыш құс. Оның «бүркіт» деп аталуы жемтігін (қорегін) саусақтарымен бүріп ұстау тәсіліне байланысты аталған. Бүркіттің латынша атауы «Алтын қыран» деген ұғымды білдіреді. Оның өкше тұсындағы артқы саусағы – «тегеурін» деп аталады. «Тегеуріні мықты» деген ұғым саусақтарының өте күшті екендігін аңғартады. Бүркіттің ішкі саусағы – «жембасар», ортаңғы саусағы – «сығым», ал шеткі (сыртқы) саусағы – «шеңгел» (шынашақ) деп аталады. Бүркіт саусақтарының атауларынан әрбір саусақтың жемтігін ұстауда қандай қызмет атқаратындығын нақты байқауға болады.
           Сонымен қатар бүркіттің еркегін ана тілімізде – «шәулі» (бұқатана) деп атаса, ал ұрғашысын – «ұябасар» деп атайды. Бүркіттің шәулісіне қарағанда, ұябасардың дене тұрқы ірі болып келеді. Ұябасардың орташа дене салмағы 3,8-6,3 кг болса, ал шәулісінің дене салмағы 2,8-4,1кг.
Бүркіттің жеке қанат қауырсында­ры­ның топшысынан ұшына дейінгі ұзын­­дығы 55-70 см, ал екі қанат қауыр­сын­дарын жайған кездегі ұзындығы 1,5-2 метр­ден асады. Қанаттарының шеткі 12 ірі қауырсыны – «шалғы қауырсындар» деп, қанаттарының ортасына бекіген қауырсындары – «аралық қауырсындар», ал денесіне жақын орналасқан ішкі қанат қауырсындары – «ірге қауырсындар» деп аталады. Бүркіттің құйрық қауырсындары да ірі, олардың ұзындығы 33-36 см. Ондағы қауырсындардың саны көбіне 12 болып келеді. «12 құйрық, 5 шалғы» деген сөз тіркестері қауырсындарының санына сәйкес айтылған.
           Қазақстанда бүркіттің үш түрінің тармағы (ортаазиялық, оңтүстік еуропалық және шығыс сібірлік) кездеседі. Бүркіт жыл он екі ай қоныс аудармай бір орында мекен етеді. Бүркіт жылына бір рет түлеп ескі қауырсындарын алмастырады, осыған сәйкес бүркіттің жасына бір жас қосылып отырады. Табиғи жағдайда бүркіт 30-50 жылдай тіршілігін жалғастыра береді. Тәжірибелі бүркітшілердің пікірі бойынша, бүркіттің 5 жасқа дейін (5 түлекке дейін) қаурсындарының түсі үнемі өзгеріп отырады да, 5 жастан соң қауырсындарының түсі біркелкі қоңырқай түске ауысады. 5 жасқа толған – «мұзбалақты» аң-құсқа салуға болады.

Жаңартылған күні: 17.02.2020 09:06
Құрылған күні: 19.02.2020 14:40

Бізді табу оңай!

Текст