МЕКТЕП - адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге нық қадам басуды үйрететін ҰЛЫ ТҰЛҒА, ол - ҰСТАЗ. ҰСТАЗ! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін пенде жоқ. «Мұғалім - мектеп жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де, бәрі-бәрі Ұстаздарға қарыздар. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін де емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі - бір үлкен күш. Сондықтан да, ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек. Кеше ғана тұлымдарымыз желбіреп, жүректеріміз елжіреп мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған едік, енді, міне, таудай болып 9 жылдың қалай көзді ашып-жұмғанша өтіп кеткенін де байқамай қалыппыз. Құрметті ҰСТАЗДАР! Осы жылдар бойы бізді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, үлкен өмірге қанаттандырғандарыңыз үшін Сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!!! БІЗ СІЗДЕРГЕ МӘҢГІЛІК ҚАРЫЗДАРМЫЗ!!! Сіздерге деген изгі ниетпен "Жеке батыр" шаңырағының оқушылары.