Текст
    
                                
            
                11.05.2020
        2020 жылдың  28-29 сәуір  күндері қашықтық режимінде жалпы білім беретін мектептер педагогтары арасында «Үздік  педагог» қалалық байқауы өтті. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 22 педагогы  қатысты. 
Байқаудың мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарды мадақтау. Байқау нәтижесінде бас жүлдені ІТ мектеп-лицейінің математика пәні мүғалімі  Токбулатов Данияр Сейтхазиевич  жеңіп алды. Педагог дипломмен және 100 000 теңгенің сертификатымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ! Облыстық кезеңге жолдама алған Данияр Сейтказиевичке СӘТТІЛІК тілейміз !