Құрметті Отандастар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке-барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының берекесі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің ең басты негізі, рухани дамуымыздың жарқын бір көрінісі. Жыл сайын көктеммен бірге көңіл көтеретін мерейлі мереке түрлі ұлттардың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін асқақтатып, жүрегімізге жыр, жанарымызға нұр сыйлайды. Тәуелсіз елімізде ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміздің маңдайы жарқын, мәртебесі жоғары. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ырысты ынтымақ құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы ынтымақ пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеміз. Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын! Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Біз біргеміз!
Ізгі ниетпен мектеп-лицей директоры Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы