Құрметті ата -аналар!
Бүгінгі таңда елімізде коронавируспен тіркеудің 124 жағдайы расталған, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қ. — 60 жағдай, Алматы қ.— 48, Қарағанды қ. — 4, Жамбыл облысында — 3, г. Шымкент қ. — 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Ақмола облысында — 1, Атырау облысында - 3 жағдай.
Коронавирустік инфекциясы салдарынан 1 өлім фактісі тіркелді.
Естеріңізге саламыз, пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның алдын - алу және болдырмау үшін балаларға осы ұсыныстарды сақтау бойынша бақылауды күшейту керек.
Бірінші кезекте, жеке гигиена ережелерін сақтаңыз: қолды жиі жуып отыру, антисептиктерді пайдалану, үйден шыққан кезде маска кию.
Бұл іс – шаралар балалардың және біздің отбасы мүшелерінің денсаулықтарын сақтауға көмектеседі.
Пандемия кезінде, денсаулықты сақтау бойынша бірнеше рет айтылған ескертулерге қарамастан, балалардың халық көп жиналатын түрлі ойын алаңдарына баруы, соның ішінде аулада серуендеу сияқты жағдайлары орын алған.
Құрметті ата - аналар! Сіздерден, төтенше жағдай кезіндегі ұсыныстарды сақтау жөнінде балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді өтініп сұраймыз, олардың ересек адамдардың ілесуінсіз далада жүруіне мүмкіндігінше болдырмауын тырысыңыз!