Текст
4 ақпан күні мектебімізде "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін-өзі тану пәні онкүндігі аясында "Мейірім төгетін - Ана" кітаптар көрмесі (жауапты: Таженова Айгерім, Саяхат Мейрамгуль), 5 "Ә" сыныбында "Балаға жүрек жылуы" тақырыбында сынып сағаты (жауапты Нурахметова Назгуль Еркінқызы), 4 "А" сыныбында "Ниет тазалығы-ізгілік бастауы" тақырыбында тәрбие сағаты (жауапты: Темиргалиева Гульназ Рауилқызы) өткізілді. Әр өткізілген іс-шара мазмұнды, әсерлі ұйымдастырылып, оқушылардың көңілінен шықты. Балалар дұрыс әрекет, қиянат жасамау, мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтарын бойларына сіңіре алды. Өскелең ұрпағымыз жылы жүректі, сезімтал болғаны игі.