Текст
Көкшетау қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Абайдың 175жылдық" мерейтойына арнап 31 қаңтар күні сағат 11.00де жалпықалалық диктант жазу іс-шарасына IT мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы және 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жиенбаева Маркен Капарқызы 11 сынып оқушыларымен диктант мәтінін онлайн жүйесінде оқыды. Іс-шараның мақсаты- ел тарихында өшпес із қалдырған дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның шығармаларын кеңінен дәріптеу.