Текст
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері жастарды жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке шақырады. Жасынан жамандық жасамауға, әркімге көмектесуге, жақсылық жасап жүруге, мейірімді болуға үйренген бала есейгенде де жамандыққа бара қоймасы анық. «Ақмола адалдық алаңы» негізінде ІТ мектеп-лицейінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері «Біздің болашағымыз – парасатты, заңға бағынатын бастамашыл жастар» тақырыбында бейнеролик түсірді. Әрдайым жақсылық жасайық. Жақсы іс қайтып келеді. Жақсылық жасау өз қолыңда!