«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" тақырыбында сынып сағаты

29.10.2019

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымын арттыру мақсаты мен "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде "Жеке батыр" шаңырағының оқушыларымен "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында "Менің отбасымның тарихы" атты фотокөрме ұйымдастырылып, әрбір оқушы өз отбасы жайлы сыр шертті. Балалар назарына "Бақытты отбасы үлгісі" атты бейнеролик ұсынылып, оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды қызыға орындады. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді жатқа айтудан өзара сайысқа түсіп, "Сөз тізбек" ойыны ойнатылды. Оқушылар отбасы туралы мәнерлеп өлеңдерді жатқа айтып, ата-аналарына арнап ән де шырқады. Сынып сағаты соңында "Бақытты отбасы" шеңберін құрып, "бір үйдің балаларындай тату-тәтті болайық" деп бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Просмотров: 1172

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Бізді табу оңай!

Текст