Текст
Адалдық - адамгершілік бағалы қасиеттердің бірі болып табылады. Адалдық адамның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, моральдық-этикалық жиынтық. Өскелең ұрпақ осындай құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру мақсатында "Жұмбақтас" шаңырақ оқушыларымен "Адалдық", "Әділдік" тақырыбында адалдық сағаты өтті. Адалдық сағаты барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, мәтін бойынша жағдаяттар мен сұрақтарға жауап беріп, дәйексөзге анықтама беріп, сәйкестендіру әдісін орындап, белсенділік танытты. Оқушылар әр адам "Адал жолмен" жүру керек екендігін ұғынды.