Текст
2019 ж. 5 тамыз күні Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы ІТ мектеп-лицейіне Білім жəне ғылым министрі А.К. Аймагамбетов ресми іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында министр 2018 жылдың қыркүйек айында ашылған жаңа ІТ мектеп-лицейінің жұмыс барысымен, сондай-ақ, қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктерімен танысты.