Текст
"ІТ-ландия" мектепалды демалыс алаңының оқушылары жоспар бойынша 11 маусым күні №26 Өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барды. Өрт сөндіру бөлімінің техникалық жабдығымен танысып, мұражайда болды. Бөлім басшысының орынбасары Асқар Дюсембайұлы бүлдіршіндермен өзі бірге жүріп, бөлім тынысы, өрт сөндірушілер өмірінен толық ақпарат берді. Оқушыларға қатты ұнады! Бөлім басшысына және барлық қызметкерлерге алғысымыз шексіз!!!