Текст
"Отбасы сағаты" республикалық акциясы аясында мектеп - лицей псиxологі Мадина Еркиновна Жетыбаева «Мен және жанұям» тақырыбында 3 "Ә" сынып окушылары және ата-аналарымен тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: "Ұстаз-оқушы-ата-ана" үштік одақ қарым-қатынасын нығайту, отбасылық тәрбие мен отбасылық қундылықтар туралы тұжырымдаманы калыптастыру; оқушылардың отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Тренинг барысында ата-аналар мен оқушылар бірлесе топтық жұмыс жасау арқылы , тақырып төңірегіндегі ойларын ашық айта білді. Ата - аналар кері байланыс жасап , өз алғыстарын білдірді. Тренингке белсене қатысқан ата-аналарымызға раxмет!