«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хакатон

04.02.2022

ХАКАТОН ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

IT HUB " ІТ ХАКАТОНЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

1.1.Осы Ереже IT-мамандар мен стартаптар командаларының қалалық хакатонының мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Қатысушылар келесі салаларда идеялар жасап, шығармашылық таныту керек: мейрамхана бизнесіндегі инновациялар, цифрландыру,жоғары технологиялар, жеткізуді автоматтандыру. Хакатонның мақсаты-"Ne za GORAMI" мейрамханасымен және "Алдар көсе"кафесімен одан әрі ынтымақтастық орнату үшін IT-мамандарды тарту. 

1.2.Хакатон - бұл үздіксіз "бағдарламашылар марафоны" - белгілі бір пәндік салада жаңа идеялардың пайда болуын ынталандыру және оларды Хакатон алаңында тікелей іске асыруға жеткізу мақсатында өткізілетін қысқа динамикалық іс шара.

1.3.Хакатонды "Ne za GORAMI" мейрамханасы мен "Алдар көсе" кафесі және  әл-Фараби Атындағы ІТ лицейі бірігіп өткізеді.

1.4.Хакатон келесі мақсаттарда өткізіледі: мейрамхана бизнесіндегі инновациялардыру, цифрландыру, жоғары технологиялар, "Ne za GORAMI" мейрамханасы мен "Алдар көсе"кафесі үшін жеткізуді автоматтандыру,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жас ұрпақ арасында танымал ету; IT саласында жоғары білікті кадрларды қалыптастыру; ақпараттық технологиялар саласында инновациялық шешімдерді белсенді енгізу есебінен азаматтардың өмір сапасын арттыру.

1.5.      Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

ҚАТЫСУШЫ-оқушы немесе студент жасы 19 жастан аспаған (19 жасты қоса алғанда) жеке тұлға. Хакатонға қатысу үшін әр қатысушы командада болуы керек. Қазылар алқасы командалық жұмыстың нәтижесін бағалайды.

КОМАНДА-тіркелу барысында да, алаңда да жарыс тапсырмасын орындау үшін біріккен қатысушылар тобы. Әрбір қатысушы тек бір команданың құрамына кіре алады. Бір командадағы қатысушылар саны шектеулі-бір командада 3 қатысушыдан артық емес.

КОМАНДА КӨШБАСШЫСЫ – команданың таңдау бойынша команда қатысушыларының бірі.

ЖЕҢІМПАЗДАР-қазылар алқасының бағалауы бойынша нәтижелері үздік деп танылған командалар.

ЖОБА (НӘТИЖЕ) - бағдарламалық өнім-мобильді қосымша, веб-сервис, мобильді қосымшаның немесе веб-сервистің прототипі, жеке күйдің немесе қоршаған орта жағдайының параметрлерін өлшеуге, осы ақпаратты сандық кеңістік аясында пайдалануға және жіберуге мүмкіндік беретін кіріктірілген технологиясы бар физикалық Нысандар  тапсырманы орындау нәтижесінде команда жасаған және Ережеде белгіленген мерзімде қазылар алқасын бағалауға ұсынылған функционалдың сипаттамасын, дизайнын, бастапқы кодын қоса алғанда, Ережеде айқындалған қазылар алқасын бағалауға рұқсат беру өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс. Бір Команда тек бір нәтижені ұсынуға құқылы.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ-жобаларды бағалауды жүзеге асыратын және Хакатон жеңімпаздарын анықтайтын адамдар тобы. Қазылар алқасының құрамына ұйымдастырушының өкілдері кіреді.

 2.Хакатон Ұйымдастырушысы

2.1 Хакатонның ұйымдастырушысы - "Ne za GORAMI" мейрамханасы мен"Алдар көсе" кафесі және әл-Фараби атындағы ІТ лицейі.

2.2 Хакатон Көкшетау қаласы Әуезов көшесі 244а мекен-жайы бойынша өтеді

3.Хакатонды өткізу мерзімі

3.1 Қатысушылар мен командаларды тіркеу 2022 жылғы 8 ақпанда 23:59-ге дейін жүзеге асырылады, Хакатон 2022 жылғы 12 ақпанда 09:00-ден 2022 жылғы 12 ақпанда 19:00-ге дейін жүргізіледі.

3.2 Хакатон аяқталғаннан кейін 2 сағат ішінде жобаларды қорғау және бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару және марапаттау өтеді.

4.Хакатонға қатысу тәртібі

4.1 Қатысушыларды тіркеу Ереженің 3 тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.   Тіркелу сілтемені толтыру арқылы жүзеге асады:  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd9EUX2MskTHBrTxf-ThWZDUOxK79zqp3aK2xIwow0JmQWM7g/viewform?usp=sf_link       

4.2 Тіркелу сілтесін толтыру кезінде қатысушыға келесі мәліметтерді көрсету қажет: Тегі, Аты, Әкесінің аты, команданың атауы (бар болса), Электрондық поштаның мекен-жайы (e-mail), ұйымның атауы (мектеп,лицей,колледж,ЖОО), жасы (толық жас). Өзіңізбен бірге жеке куәлік пен ноутбуктер болуы керек.Команданың көшбасшысының ұялы телефонын байланыс үшін көрсету міндетті.

4.3 Қатысушы, егер ол электрондық тіркеу нысанының өрістерін толтырған, Ереженің шарттарымен келіскен, тіркеуді растау батырмасын басқан болса, Хакатонға қатысу үшін тіркелген болып есептеледі.

4.4 Команданы тіркеу сілтемені толтыру кезінде қатысушыны тіркеумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

4.5 Қатысушылар бағдарламалық қамтылымның ашық деректер негізінде хакатонда жазылғанына және Хакатон шеңберінде өздері әзірлейтін зияткерлік меншік объектілеріне барлық құқықтар тек қатысушыларға ғана тиесілі екендігіне, оларды пайдалану мен таратылу ҚР зияткерлік меншік туралы заңнамасын және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтындығына  кепілдік береді.

 4.6 Ұйымдастырушы ақпараттық және жарнамалық мақсаттарда нәтижелерді сипаттауды қатысушыларға хабарламай және олардың келісімін алмай кез келген тәсілмен редакциялауға және жариялауға құқылы.

4.7 Ұйымдастырушы Хакатон шарттарын өзгертуге құқылы.      Шарттардың өзгеруі туралы ақпарат ресми сайтта немесе ұйымдастырушылардың Инстаграм парақшаларында жарияланады.

4.8 Қатысушылардың өзімен бірге қажетті техникасы (ноутбук,планшет,зарядтағыш, желілік фильтр және т. б.) болуы тиіс.

5.Хакатон бағдарламасы

 

12 ақпанда

9:30 – 10:00 Тіркелу, Welcome Coffee

10:00-10:10 Хакатонның ашылуы,.

10:10 – Код жазуды бастау

13:00 – 14:00 Түскі ас

14:00 – 19:00 Код жазу

19:00 – 21:00 Жобаларды қорғау, Хакатонның жабылуы

 

 

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Бізді табу оңай!

Текст