Текст
"Рухани жаңғыру" аясында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Ақмола облысының мемлекеттік архиві" КММ архив құжаттарын пайдалана отырып, тарих, орыс тілі мұғалімдері Бугабай Арман, Баткалова А.Н., Алимова К.Х. жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ІТ лицей оқушылары Даут Аделя, Муталлапов Данияр, Тулебаева Нургуль "Дерек пен дәйек үндескен" атты архив құжаттары негізінде жазылған кітап басылымына "ХХ ғасырдың соңындағы Көкше өңіріндегі ел ардақтылары", "Возвращение имена: Науан Хазрет", "Көкшетау қаласындағы әскери госпитальдар" атты зерттеушілердің ғылыми жұмыстары басылып шықты. Ұстаздар мен оқушыларды құттықтаймыз!!!