«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Берен мылтық

Берен мылтық

Берен мылтық - оқпаны оқ атқанда жарылмас үшін береннен (асыл болаттан) соғылып жасалған мылтық.

Мылтық– оқ-дәрімен атылатын қару. Аңшылық кезінде және соғыста қолдану үшін жасалған. 14 – 15 ғасырларда алғаш рет аркебуза, кулеврина, пищаль деген атпен Еуропада белгілі болды. Мылтықты 15 – 16 ғасырларда қазақ ұсталары қолдан соқты. Оның иыққа тіреп атуға ыңғайлы ағаштан жасалған құндағы, оқтығы (оқпаны, түтесі), шүріппесі, шаппасы, пілтесі, жерге тіреп қоятын тіреуіштері болды. Мылтықтың қазақ арасында пілтелі Мылтық., жалғыз ауыз, қосауыз, жездіауыз, көкберен, бытыралы сияқты түрлері болған. Пілтелі Мылтық 16 – 18 ғасырларда жоңғар басқыншылығына қарсы соғыста қолданылды. Оған жерге тірелетін 3 сирақ орнатылды. Аузынан оқталып, дәрісі мақта пілтемен тұтатылды. Халық арасында оның оқтығы ұзын, салмағы ауыры “шамқал”, алысырақ ататыны “күлдір мамай” деп те аталды. Жалғыз ауыз Мылтық жеке оқпен оқталады. Мылтықтың жетілдірілген түрлері Испанияда, Швецияда жасалды. 19 ғасырдың 30-жылдары француз шебері К.Лефошенің (1833), неміс шебері И.Н. Дрейзенің (1836) құндақ жағынан оқталатын Мылтықтары пайда болды. Құндақ жағынан оқталатын жалғыз ауызды, қосауызды, түтісі қырлы, жылтыр Мылтықтар Францияда, Бельгияда, Ұлыбританияда, Германияда шығарылды. 19 ғасырдың 70 – 90-жылдары орыс инженерлері А.П. Горлов пен К.И. Гунниустің техникалық жағынан жетілдірілген бір зарядты “орыс винтовкасы” – берданка, С.И. Мосиннің қайырма бекітпелі винтовкалары жасалды. Азамат соғысы жылдары (1918 – 20) маузер, револьвер, наган секілді жеңіл Мылтықтар пайдаланылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мылтықтың жетілдірілген түрлері: автомат-карабин, тапанша, мергендік винтовка, спорт винтовкалары мен пистолеттері, тағы басқа шыға бастады.

 

 

Жаңартылған күні: 17.02.2020 09:00
Құрылған күні: 19.02.2020 14:27

Бізді табу оңай!

Текст